Kategoriler

Arşivler

Милена Алиханова /Milena Alihanova Kategoriler

Tarih 5 Haz 2022 Kategori: Милена Алиханова /Milena Alihanova

СҮЮ

СҮЮ Қасыңдамын, мұңайма білсең, бағым, Демімдесің махаббат сезсең мəнін. Орын алдың жандүние түкпірінен, Жүрегімде жасайсың, бір сен жаным. Мұңаюға жол болмас, бірге болсақ, Нұрға бөлер шуақтай қүнге қонсақ. Не болмаса Ай болып келем саған. Ақ бұлттарды аралап, түнде аңсап. Өзің болдың ұқтырған мәнін бақтың, Сені сүйіп, мен Бақыт дəмін таттым. Сүйгенім боп қасымда жүре берші, […]

Tarih 5 Haz 2022 Kategori: Милена Алиханова /Milena Alihanova

«ЖАМАН ҚЫЗ»

Сырлы жігіттен жаман қызсың Милена! «ЖАМАН ҚЫЗ» Ай, жаман қыз, неткен сен жаман едің, Тағдырымның сыйлаған жаңа лебін! Жүрегімді тоқтаусыз сөйлеттің-ау, Сезіміңмен ып-ыстық таба демін. Тілің емес, сөйлейді жүрек тілің, Жамау-жамау жүректі түлетті мың. Өміріме сыйладың жаңа бүршік, Жадау тартып жүргенде жүдеп күнім. Көзің емес, көреді зерек санаң, Көрік берген көңілге керекте мән. Демеу болған […]

Tarih 25 May 2022 Kategori: Милена Алиханова /Milena Alihanova

КҮТ МЕНІ

КҮТ МЕНІ Мейрім шашып тұрса сенің жүзіңнен, Гүл секілді мен де сұлу құлпырам. Бақытымыз жолын тапса төзімнен, Махаббаттан сейілгендей бір тұман. Сағыныштан құрсаса да кұсалық, Үміт бірақ бекемдігін үзбеген. Канша сүйіп тұрсам сені күш алып, Аңсарым бар сонша сізді іздеген. Батып жүрем, кездесе алмай арманға, Кездесудің жолын әлі таппадым. Кезігер деп, күтем сізді алдан да, […]

Tarih 25 May 2022 Kategori: Милена Алиханова /Milena Alihanova

СІЗДІ ҒАНА

СІЗДІ ҒАНА Ғашығымсың қуаттайтын ой нәрін, Алып ұшқан сезімге де бойладым. Еске түссең, жанартаудай тыншыман, Тағат таппай аласұрған ойларым. Оны сезген сезімің де бұлқынар, Ақын жігіт жүрегінен жыр құрар. Сағынғанда мен өзіңді жыр-серім, Сазға бөккен санама да сыр тұнар. Сенсің менің шабытым да, қанатым, Қалам сақтап бар құнарын табатын. Сізді сүйіп қалғаныма өкінбен, Мәңгі жырым […]

ЖҮРЕГІМНІҢ ИЕСІ Сағындым жүрегімнің иесін бүгін, Сананың кұсалықтан түйесін жібін. Дұға қып Жаратқанға ойыңнан шықпас, Бұйырған бақытыңның сүйесін нұрын. Жарығым, шамшырағым жанып тұратын, Жылылық сүйгенінен алып тұратын. Өзіңді жалғызым деп сүйіп келемін, Жасырмай жырларымда анық тұратын. Биігім! Өміріммен жалғасты жайым, Өзіңді сүйгендіктен сан басты уайым. Мен сені көгімдегі күнге теңеймін, Күнімді мен ешкімге алмастырмайым. Бейнеңді […]

БАҚЫТ ІЗДЕП КЕЛЕМІН Бақыт іздеп келемін үмітпенен, Қуаныш боп алмасар қүйікпенен. Өршітетін қайтадан жалын отын, Жалыннан ығысар күдік керең. Бағыт алдым бақытқа көксеуменен, Бақыт орын табар ма бос кеудеден… Қаншалықты көңілде жасырсам да, Үмітімнің жолынан көшпей келем. Үміт қылдым, қашырып күдігімді, Қуанышсыз күндердің күні мұңды. Ащы, тәтті дәмін де таттым өмір, Құмартақан құртуға тұнығымды. Бақыт […]

Шуақ боп шашылар ем Көзіме көзің түссе ылаң салып, Селт етті сезім шіркін тағы налып. Астан-кестен тулаған жүрегімді, Ұстасам бекен әлде кісен тағып. Жүзіңізді көргенше жүз өзгеріп, Сарғайған жапырақты көзім көріп. Бақытыңа мойын бұрып қарамадың, Төзбеді сұлу жүзім жасты төгіп. Кездескен сен жаңбырлы көктемім ең, Нөсерлеткен дауылсыз өткенім ең. Медет тұтар,сен менің тірегімсің, Күтем сені […]

ТАҒДЫР ТАЛҚЫСЫНДА Жерорта мен Қара теңіз ортада, Көзге анық көрінеді картада. Арман болған талайларға көруге, Әсем қала, көркем қала-Анкара. Бұл қалада ығы-жығы адамдар, Қиялымен үміт еткен армандар. Құлшыныспен жетелейтін ілгері, Әр пендеде өз таңдауы талғам бар. Бұл өмірдің сынағына берілмей, Салған тағдырдың қыспағынан жеңілмей. Анкараға келген едім үмітпен, Анашымның сауығатын еміндей. Терезеден қарадым да ойландым, […]

Себеп издейт тынымсыз. Көргүм келип сага абдан ашыгып, Туралбадым сезимимди жашырып. Көксөө күчөп көркөмүңө арбалдым, Сени көрүп сезим дүйнөм ачылып. Мээрим чачып жаркыраган келбетиң, Гүлгө айлантат бүткүл аалам жер бетин. Сулуу жүзүң суктандырат баардыгын, Жок деп ойлойм жер бетинде теңдешиң. Сенсиз калсам куса болуп сагынам, Эңсөө күчөп эзилемин агылам. Ээнсиреп эгизи жок болгонсуп, Карай берем […]

Айыбы жоқ,әлсіз бірақ ал тұнық Еркелесем құшағыңа талпынып, Суық қарап, қабағыңа қар тұрып, Сұранарым махаббатты көрдің бе? Айыбы жоқ, әлсіз бірақ ал тұнық. Көңілдегі ысып тұрған сезімім, Түсінбеймін мәжбірледі сені кім, Жүрегімнің тазалығын білсең де, Таптап оны, өгейленіп жерідің. Аға тұттым, бауыр бастым көңілден, Өзгеше деп балағанмын сыр білген, Бұл күндері сыздап нәзік жүрегім, Байқамадым […]