КҮТ МЕНІ



Мейрім шашып тұрса сенің жүзіңнен,

Гүл секілді мен де сұлу құлпырам.

Бақытымыз жолын тапса төзімнен,

Махаббаттан сейілгендей бір тұман.




Са
ғыныштан құрсаса да кұсалық,

Үміт бірақ бекемдігін үзбеген.

Канша сүйіп тұрсам сені күш алып,

Аңсарым бар сонша сізді іздеген.




Батып ж
үрем, кездесе алмай арманға,

Кездесудің жолын әлі таппадым.

Кезігер деп, күтем сізді алдан да,

Келші, жаным, асыл музам, тапқаным.




Жолы
ғар деп, қиялға да самғадым,

Қиын екен ұнатып қап, күткенің..

Сезімімді өзіңменен жалғадым,

Тағат бітті, мен келемін, күт мені!




Милена Алиханова
www.kafiye.net