Айыбы жоқ,әлсіз бірақ ал тұнық



Еркелесем құшағыңа талпынып,

Суық қарап, қабағыңа қар тұрып,

Сұранарым махаббатты көрдің бе?

Айыбы жоқ, әлсіз бірақ ал тұнық.




Көңілдегі ысып тұрған сезімім,

Түсінбеймін мәжбірледі сені кім,

Жүрегімнің тазалығын білсең де,

Таптап оны, өгейленіп жерідің.




Аға тұттым, бауыр бастым көңілден,

Өзгеше деп балағанмын сыр білген,

Бұл күндері сыздап нәзік жүрегім,

Байқамадым басталғанын сыр кімнен.!?




Милена Алиханова
www.kafiye.net