БАҚЫТ ІЗДЕП КЕЛЕМІН




Ба
қыт іздеп келемін үмітпенен,

Қуаныш боп алмасар қүйікпенен.

Өршітетін қайтадан жалын отын,

Жалыннан ығысар күдік керең.




Ба
ғыт алдым бақытқа көксеуменен,

Бақыт орын табар ма бос кеудеден…

Қаншалықты көңілде жасырсам да,

Үмітімнің жолынан көшпей келем.




Үміт қылдым, қашырып күдігімді,

Қуанышсыз күндердің күні мұңды.

Ащы, тәтті дәмін де таттым өмір,

Құмартақан құртуға тұнығымды.




Ба
қыт іздеп келемін, жалған емес,

Арабаса да алдымнан арман елес!

Мені құшар білемін бақыт бөлек,

Өз межесін табатын алдан егес.




Ба
қыт іздеп келемін үмітпенен,

Қуаныш боп алмасар қүйікпенен.

Сен де маған қарсы жүр, күткен бағым,

Саған қарай тоқтаусыз жүріп келем.




Милена Алиханова
www.kafiye.net