Kategoriler

Arşivler

Милена Алиханова /Milena Alihanova Kategoriler

Tarih 6 Haz 2023 Kategori: Милена Алиханова /Milena Alihanova

БІЗДІҢ ЖҮРЕК

БІЗДІҢ ЖҮРЕК Жалын шарпып, жан болдым мен өртенген, Құсаланам қиналысқа көнсем мен. Амалым жоқ, іште мұңым жасырын, Қызғанамын, шыға алмай өлшемнен. Сенің нұрың күн нұрындай төгілген, Өшпейді де сүйген сезім көңілден. Өзің барда қолдап жүрген тірегім, Армансызбын бақыт алған өмірден Асыл жансыз, мейір төккен жүзіңнен, Өлеңімсің, тұмар жыр боп тізілген. Біз екеуміз ажырамас болсақшы, Болдырмасын […]

Tarih 21 May 2023 Kategori: Милена Алиханова /Milena Alihanova

СІЗДІ ҒАНА

СІЗДІ ҒАНА Ғашығымсың қуаттайтын ой нәрін, Алып ұшқан сезімге де бойладым. Еске түссең, жанартаудай тыншыман, Тағат таппай аласұрған ойларым. Оны сезген сезімің де бұлқынар, Ақын жігіт жүрегінен жыр құрар. Сағынғанда мен өзіңді жыр-серім, Сазға бөккен санама да сыр тұнар. Сенсің менің шабытым да, қанатым, Қалам сақтап бар құнарын табатын. Сізді сүйіп қалғаныма өкінбен, Мәңгі жырым […]

Tarih 26 Mar 2023 Kategori: Милена Алиханова /Milena Alihanova

Ürəyim əzabdadır

29-ой перевод отŞahməmməd Dağlaroğlu Каждый разь меня радует с переводами Шахмамед аға,огромное спасибо вам ! Ürəyim əzabdadır Sən məğrur dayanmış dağtək ucasan, Sevgin alovludur, ürəyi dəlir. Mövcud hisslərimi unutdurursan, Başqasın sevirsən, qəlbə dərd gəlir. Oldu… Mənə sarı üz tutma daha, Sən indi başqa bir qucaqda qaldın. Kaş ki, səninlədir qəlbim, biləsən Başqasın sevirəm, – deyib […]

КЕЗДЕСУ ЖОЛЫ Алғаш рет кездескенде кім дедім, Көзді салып, көңіліме ілгенгім. Басқа жанды жақтырмаған жан едім, Қалай сізге тұзақталдым, білмедім. Бақытымсың, ұмытпағын, біл!- дедім, Кейде бірақ өз-өзімді тілдедім. Қадіріңе сіздей жанның жетпесем, Кінәлімін, басқа жанды іздегін. Жоқ, жоқ бірақ ұмыттырам демесін, Көзді жұмсам, қиялыма ересің. Берген едің сен уәде сеніммен, Ерте, кеш пе, қыс па, […]

ҚҰСАЛЫҚ Мен арнадым, жүрегімді сақтап ал, Жүрегінің түпкіріне бақ табар. Сүйген менің жүрегімнен түңілсең, Демеспін де өзіңді сен ақтап ал. Ұзақ қетсең, көңіл батып құйынға, Түсінігің түйсік таппай сыйымға. Айтшы маған өмір деген өткелде, Сүйіп өту соншалықты қиын ба? Жақсы, маған сөйлемегін, қарама, Тұз сеппеші ащып тұрған жарама. Бірақ білгін өмір өтпес қалыпты, Бір күн […]

Tarih 18 Tem 2022 Kategori: Милена Алиханова /Milena Alihanova

Түс

Түс Мен кұс едім, бақта қонып сайраған, Сезіміммен бақты сұлу жайлаған. Ұшырдың сен осы тыныш бағымнан, Оралмастай ұшып шықтым қайтадан. Қимасымдай болған еді ол тарап, Ұшып шықтым, сезім жалғар жол қарап. Таудай үміт тәуекелге бас тігіп, Сапарладым, арысымды сол санап. Армандадым жұмағымдай үй құрып, Киялымнан түйсігіме күй тұнып. Ал, сен болсаң, сезбедің де сезімнің, Саған […]

КЕЗІКТІҢ ТАҒДЫРЫМА Құсалық жанды жеді, Қосылып сағынышқа. Құшақтап алғым қелді. Беқ қысып қағылыста. Биікке ұшарымда, Қос қанат өзің болдың. Қиял мен құса-мұңда, Жазатын сөзім болдың! Қөркі сен жырларымның. Жүректен сыйларым да. Кілті сен сырларымның, Көңілге жиғанымда. Əн салсам, тыңдадың ба, Сезімнен толды парақ? Ойлаудан тынбадым да, Қүттірген жолды қарап. Қалдырмай сынға мына, Жетелеп кетші мені. […]

Tarih 3 Tem 2022 Kategori: Милена Алиханова /Milena Alihanova

КЕШ ТҮСІНДІМ

КЕШ ТҮСІНДІМ Қоштаса алмасам да өзіңізбен. Бір жылылық күткенмін көзіңізден. Барлығын қыс ызғары жүрегіңде, Эх, неге білмегенмін жүзіңізден. Жақын тарттым шамам жоқ саралайтын. Жол таппады сезімім аралайтын. Ойламаппын сенде жоқ сезімдерді, Бір күні жүрегімді жаралайтын. Ойларымның ұқпадың шайқалғанын. Кеш түсіндім, тек қана байқағаным. Сезімің болмаса да ең болмаса, Бас иіп сәлемді де айталмадың. Кешіргін менде […]

МЕН СҮЙГЕНДЕЙ ҰНАТШЫ Сен ұнатшы, мен де сені сүйемін, Пайда болды түсіме де жиі енім. Бұл жалғанның бес күндігі өткінші, Сүюменен бірге, бәлкім, күйерім!. Жүрегімнен сен деп шығар үн деген, Бақыттымын, қол ұстассаң, бірге мен. Бағаласаң, бақытыңмын қолдағы, Ал, өзіңді сағынамын күнде мен. Жүрек сенген айтқан сөздің бәріне, Сағыныштың кермек татқан дәмі де. Сезім саған […]

САҒЫНҒЫМ КЕЛЕДІ СЕНІ Сағынғым қеледі сені, Жанымды азық қылып, Үмітті қазық қылып, Жүректің асыл сырын, Санаңа жазып тұрып. Сағынғым қеледі сені, Қөңілім ауырса да, Құсалық жауын шала. Жолымыз қиыспауға, Кедергі табылса да. Сағынғым қеледі сені, Сағыныш құрсап денем, Тоқтаусыз аңсап келем. Сүйіктім, сеземісең, От болып жансақ деп ем…. Сағынғым қеледі сені, Арманым ашып тұрақ, Әл […]