ЖҮРЕГІМНІҢ ИЕСІ



Сағындым жүрегімнің иесін бүгін,

Сананың кұсалықтан түйесін жібін.

Дұға қып Жаратқанға ойыңнан шықпас,

Бұйырған бақытыңның сүйесін нұрын.



Жарығым, шамшырағым жанып тұратын,

Жылылық сүйгенінен алып тұратын.

Өзіңді жалғызым деп сүйіп келемін,

Жасырмай жырларымда анық тұратын.




Биігім!
Өміріммен жалғасты жайым,

Өзіңді сүйгендіктен сан басты уайым.

Мен сені көгімдегі күнге теңеймін,

Күнімді мен ешкімге алмастырмайым.




Бейне
ңді сақтағанмын жанарымдағы,

Ескірмес жырларым да сананың мәні.

Мендік бол өмірдегі асыл адамым,

Іздесем жүрегімнен табарым дағы…



Милена Алиханова
23.05.2022

www.kafiye.net