ТАҒДЫР ТАЛҚЫСЫНДА




Жерорта мен
Қара теңіз ортада,

Көзге анық көрінеді картада.

Арман болған талайларға көруге,

Әсем қала, көркем қала-Анкара.




Б
ұл қалада ығы-жығы адамдар,

Қиялымен үміт еткен армандар.

Құлшыныспен жетелейтін ілгері,

Әр пендеде өз таңдауы талғам бар.




Б
ұл өмірдің сынағына берілмей,

Салған тағдырдың қыспағынан жеңілмей.

Анкараға келген едім үмітпен,

Анашымның сауығатын еміндей.




Терезеден
қарадым да ойландым,

Бойжетіппін тұрмыс қайда,ойда мұң.

Тағдыр салды,амалым жоқ,амалым,

Анам үшін,қамқоршы боп байландым…




Дымы ішінде тіс жармады
ұялып,

Өмір шіркін,өтіп жатыр ол анық.

Өз-өзіме есеп берсем өткеннен,

Ақиқаты,біздер мәңгі сүйеалдық.




Қиялымнан армандарды аршып мен,

Махаббатым жүрегімде мәңгі сен.

Мұңайамын жыласамда жасырын,

Орнап қалған жүрегімде тамшы мұң.




Жасырдым да,анашыма б
ұрылдым,

Көрмесе деп мына менің түрімді…

Жастайымнан санамызға сіңірген,

Ана-Жәннәт деген мықты ұғымды.




Ана-шіркін,
қайталанбас бұл кісі,

Өмірдегі бар байлығым нұр кісі.

Аллаһ үшін сабыр етем бәріне,

Қымбат маған Анашымның күлкісі.




Ұстап жүрмін білдірместен өзімді,

Бұл жаратқан сынар әркез төзімді.

Кісі ағасы қаламдасы сырласы,

Беріп қойдың ғашық етіп сезімді.




Хат алысты
қ күндіз әлде күн бата,

Хабар күттім сарыла мен ел жата.

Жасырмашы сезімдерді бойдағы,

Сағынышпен қараймын ғой жол жаққа.




С
үйіп қалдым,ғашық болдым,қиналдым

Талай өлең мен өзіңнен сый алдым.

Дәл осы сәт бұл өмірдің сыйы деп,

Ал қоштасу маған үлкен уайым.




“А
ға,сені шын сүйемін,қимаймын

,Үйленсең де дұға етем сыйлаймын”

Тағдыр өзі жазып қойған маңдайға,

Ал әзірге арпа ішінде бидаймын…




Жаным н
әзік бойжеткенмін,жарқынмын,

Түйсігімде ұяты бар халқымның.

Тәуекел мен Жаратқанға сыйынып,

Үміт еттім алға ұмтылдым жарқыным.



Милена Алиханова

www.kafiye.net