БІЗДІҢ ЖҮРЕК

Жалын шарпып, жан болдым мен өртенген,
Құсаланам қиналысқа көнсем мен.
Амалым жоқ, іште мұңым жасырын,
Қызғанамын, шыға алмай өлшемнен.


Сенің нұрың күн нұрындай төгілген,

Өшпейді де сүйген сезім көңілден.
Өзің барда қолдап жүрген тірегім,
Армансызбын бақыт алған өмірден


Асыл жансыз, мейір төккен жүзіңнен,
Өлеңімсің, тұмар жыр боп тізілген.
Біз екеуміз ажырамас болсақшы,
Болдырмасын жапырақтай үзілген.


Жалынысыз жүрегімнің ішінде,
Жүректегі жүрек болған пішінде.
Тағдырымыз бірге болса тоғысқан,
Махаббаттың бір боламыз күшінде.


Сізді тапқан бақытыма таңданып,
Жырлар жаздым, Сізге ғана арналып.
Біздің жүрек үлгі болсын өзгеге,
Сұқтансыншы барлық әлем таң қалып!



Милена Алиханова
www.kafiye.net