СІЗДІ ҒАНА



Ғашығымсың қуаттайтын ой нәрін,
Алып ұшқан сезімге де бойладым.
Еске түссең, жанартаудай тыншыман,
Тағат таппай аласұрған ойларым.


Оны сезген сезімің де бұлқынар,
Ақын жігіт жүрегінен жыр құрар.
Сағынғанда мен өзіңді жыр-серім,
Сазға бөккен санама да сыр тұнар.


Сенсің менің шабытым да, қанатым,
Қалам сақтап бар құнарын табатын.
Сізді сүйіп қалғаныма өкінбен,
Мәңгі жырым сенсің жүрек жазатын.



Ғашықтықтан сүйдім сізді асығып,
Жүрмеймін де сезімімді жасырып.
Асылымсың пәк сүюге жаралған,
Тек қалмасын сезім моншақ шашылып!



Жүрек сізді, Сізді ғана таңдады,
Сізге ғана сезім үнін арнады.
Жаратқаным тағдыр жолын сыйлаған,
Сізбен ғана жүрегімді жалғады.


….Сізді ғана таңдады!

Милена Алиханова
www.kafiye.net