Зулап өткен өмірім

Өмір деген бәйгедегі тұлпардай,

Зулап ұшқан бейне көкте сұңқардай

Зымырайды жастық шағым ілезде,

Уақыт шіркін әндеткен бір жезтаңдай.




Өмір деген ағын су ғой дариядай,

Өткен күнге көзді салам қариядай.

Қандай ғажап біз өткерген жастық шақ,

Жүрмін міне ойнай алмай,күле алмай.




Мұхит екен байқасам бір шалқыған,

Түпсіз терең біз үстінде қалқыған.

Бірі кетсе үлкен кеме жиекке,

Тоқтамастан келер бірі артынан.




Қайтып келмес өткен мынау бір күнің,

Қалдырмашы ешбір жанның көңілін.

Өмір үшін талай ісім бітпеген,

Сондықтан да ұзақ болшы ғұмырым.




Милена Алиханова
www.kafiye.net