19.10, 10:40

Зуура Маметова: Кейуана

Бағила апамды аяп кетемін. Қашан қарасаң, үсті-басы кір-кір, жыртық шұлық, күнге күйіп, реңі ағарып кеткен орамал. Әбден жүнжіп кеткен. Жанарының оты сөніп, самай шаштары ағарып, бетіне түскен әжімдері “өрнектеліп” кеткен, табаны күс-күс сол апамызды көрсем жүрегім ауыратын. Бізбен көрші болғанына он жеті жыл деп айтып отыратын анам.

– Кезінде қандай сұлу келіншек еді. Тірлігі тап-тұйнақтай, үйінен бір шаң көрмейтінбіз. Күйеуінен ерте айырылды сорлы. Жалғыз ұлы мен екі қызын өсіремін деп қай жақтарға тықпады басын? Осылай өмір сүремін деп ойлапты ма байғұс? – деп көзіне жас алып қалатын кейде.

Иә, расында да, өмір көрсетеді екен ғой бәрін. Қолындағы келіні Роза мінезі шайпау, долы қатын. Не үлкенді сыйлауды білмеуді, не мәдениет дегенді білмейді. Күйеуін билеп-төстеп алған. Бағила апамызды ит құрлы көрмейді. Өздерінен қалып қойған суыған тамақты жылытпастан бере салады. Не киім әпермейді, не той-томалаққа апармайды сорлыны. Өздері бір жерге баратын болса, мұнтаздай болып киініп, бала-шағасын сол кемпірге тастап кете барады.

Бір күні кешкісін дүкенге бара жатқам. Сол үйдің маңынан өтетініміз бар. Кенет Роза жеңгеміздің шаңқылдаған даусынан селк ете түстім. Тарс-тұрс, сарт-сұрт дыбыстар. Ыдыс-аяқтар тарсылдап жатыр. Сосын Бағила апамыздың тұншығып жылаған дауысын естідім. Зәрем ұшты. Бірдеңе боп қалды ма екен, әлде бір қайғы орын алды ма екен деген жаман ой миымды мұздатып жіберді. Шыдап тұра алмадым.

Жүгіріп бардым. Аяғымды шешер-шешпестен үйдің ішіне кіріп кеттім.

О, тоба! Қолына оқтау алып алған келіні енесін сабап жатыр. Бағила апамның дауысы шықпай қалған. Қолдарының бәрі көгеріп кеткен. Жаным шығып кете жаздады. Жүгіріп барып, апамды көтеріп тұрғыздым.

– Ұялмайсыз ба? Сіз Алладан қорқасыз ба өзі? Не деген адамсыз, тіпті? Не сұмдық мынау,- дедім жан дауысым шығып. Аяқ-қолым дірілдеп тұр. Жылап жібердім.

– Саған не керек? Сені кім шақырды? Неменеге келдің? Қатысың жоқ жерге мұрныңды тықпа,- деді көзін ежірейтіп.

– Дауысыңызды естіп, жүгіріп келдім. Апамды неге ұрып жатырсыз? Ол да сіздің бір анаңыз ғой, аясаңыз етті,- дедім жыларман күйде.

– Көрер едім, таңнан кешке дейін арамтамақ болып, үйіңде тышып-сиіп жатса аяғаныңды. Қатты аяп бара жатсаң, алып кет үйіңе. Заттарын жинап берейін,- деді қолындағы оқтауын апаға қаратып нұсқап.

– Алып кетемін. Тұрыңыз, апа! Кеттік менімен бірге,- дедім.

– Қоя ғой, балам. Мен осында қала берейін. Ол жақта кім қарайды маған? Өлсем, осында, шаңырағымда өлейін,- деп еңіреп жылап жіберді.

– Жүрсеңізші, апа. Мен қараймын. Анам бар. Жеңгем бар. Сізді жылатпаймыз. Жүріңізші енді,- деп қолынан жетектеп сыртқа алып шықтым.

– Қайта әкеліп тастап жүрме. Мәңгі қалсын сол жақта. Өліп қалса да, үйіңнен шығара бер өлігін,- деп долы келіні арқамыздан айғайлап тұр.

– Алла кешірсін сізді,- дедім де Бағила апамды ертіп үйге кеттім. Үйге әкеліп, жуындырып, киімін ауыстырдық. Ыстық тамақ бердік. Шаштары үйісіп қалған. Зорға тарап, өріп бердім. Алғысын айтып, жылап қалды сорлы кейуана. Бір таң қаларлығы, артынан туған ұлының бір рет іздеп келмегені. Не деген адам? Не деген мейірімсіздік? Не деген жүрек селт етпейтін?

Арадан жиырма күн өткенде үлкен қызы келіп, жылап-сықтап, анасын өз үйіне алып кетті. Екі жылдан соң, Бағила апамызды дүниеден өтті деп естідік. Жаназасын, барлық жөн-жоралғысын қызы мен күйеу баласы атқарыпты.

Жарықтық, апамыз бір рет те сол келінін жамандаған емес. Бір адамға. Ішінде кетті бәрі. Арманы да, ашуы да, ызасы да. Бәрін өзімен бірге алып кетті….

Пейіште нұры шалқысын!

Эльмира Сәрсенбайқызы

[21.10, 20:21] Зуура Маметова: Кайын эне

Багила апамды аяп кетемин…

Качан көрсөң,үстү башы кир,айрылган жыртылган,күнгө күйүп,ыраңы бозоруп оңуп кеткен оромол башында.

Абдан жүдөп кеткен.

Көздөрүнүн оту өчүп,саамай чачтары агарып,бетине түшкөн бырыштары кабат кабат болуп кеткен,тамандары кесилип кеткен,ошол апабызды көргөндө жүрөгүм ооруп кетээр эле .

Биз менен кошуна болуп жашагандарына он жети жыл болду деп айтып калаар эле апам.

-Убагында кандай гана сулуу келинчек эле.

Тиргилиги тап-татынакай,үйүнөн бир да чан көргөн эмеспиз.

Күйөөсүнөн эрте ажырады шордуу.

Жалгыз уулу менен эки кызын чонойтомун деп, кандай гана иштерди,кылбады,нелер өтпөдү башынан!

Ушундай күн көрүп калам деп ойлогон да эместир эле байкушум?- деп көзүнө жаш алып калаар эле кээде.

Ооба, чындыгында жашоо баарын көрсөтөт тура.

Колундагы келини Роза мүнөзү чорт,долу аял.

Улууну улуудай сыйлоону да билбеген,же бир маданият дегенди билбейт.

Күйөөсүнө үстөмдүк кылып,бийлеп алган .

Багила апабызды итче да көрбөйт.

Өздөрүнөн калган каткан муздак тамакты жылытпай эле бере койот.

Же бир кийим кече алып бербейт,же той топурга да алып барбайт байкуш шордуу апаны.

Өздөрү бир жакка бара турган болсо,муздай болуп жасанып ,кийинип ,бала чакасын кемпирге таштап кете берет.

Бир күнү кечкисин дүкөнгө бара жаткам.

Ошол үйдүн жанынан өтүп барчубуз.

Капыстан Роза женебиздин шаңкылдаган доошунан селт эте түштүм.

Тарс- турс,шарт-шурт деген дабыштар.

Идиш аяктар тарсылдап калдыр шалдыр болуп жатат.

Арасында Багила апабыздын тумчугуп ыйлап жаткан үнүн угуп калдым.

Үрөйүм учту.

Бир нерсе болуп кетти бекен ,же бир кыйгы болуп кетти бекен деген жаман ой мээмди чыңалтып ,чыйрыктырып жиберди.

Чыдап тыңшап тура албадым.

Жүгүрүп кирип бардым.

Бут кийимимди чечээр чечпестен үйдүн ичине кирип келдим

Ой тооба!..

Колуна октой кармап алган келини энесин сабап жатат.

Багила апабыздын үнү чыкпай калган.

Колу баштары баары жогу көгөрүп кеткен.

Жаным чыгып кете жаздадым.

Жетип барып апамды көтөрүп тургуздум.

-Уялбайсызбы?

Сиз кудайдан коркосузбу өзү?

Эмне деген адамсыз деги?

Эмне шумдук бул?-дедим ачуу үнүм менен чаңырып.

Буту колум титиреп ,ыйлап жибердим

-Сага эмне керек?

-Сени ким чакырды?

-Эмнеге келдиң?

-Сенин тиешең жок болгон соң,мурдуңду тыкпа,-дедим көзүн акырайтып.

-Үнүңүздү угуп, жүгүрүп келдим.

Апамды неге уруп жатасыз?

Ал да сиздин бир энеңиз го,аясаңыз болбойбу?-дедим ыйлап айтып жаттым.

-Көрөт элем,эртеден кечке чейин арам тамак болуп, үйүңдө чычып-сийип жатса аяганыңлы.

Ушунчалык өтө эле аяп жаткан болсоң,алып кет үйүңө.

Буюмдарын түйүп берейин – деди колундагы октоону апага карай кезеп.

-Алып кетемин.

-Туруңуз апа!

Кеттик мени менен кетесиз,-дедим.

-Кой балам.

Мен ушул жерде эле кала берейин.

Ал жакта мени ким карайт?

Өлсөм да ушул жерде ,өз үйүмдө өлөйүн,-деп зар какшап ыйлап жатты.

-Баса бериңизчи апа.

Мен караймын.

Апам бар.

Жеңем бар.

Сизди ыйлатпайбыз.

Жүрүңүз эми,-деп колунан жетелеп сыртка алып чыктым.

-Кайра алып келип таштап кетчүү болбогун.

Түбөлүк калсын ошол жакта.

Өлүп калса да, үйүңдөн чыгара бер өлүгүн,-деп долу келини артыбыздан кыйкырып бакырып жатты.

-Кудайым өзү кечирсин сизди,-дедим да Багила апамды ээрчитип үйгө алып кеттим.

Үйгө алып келип,жуундуруп,кийимин алмаштырдык.

Ыссык тамак бердик.

Чачтары чатышып токум болуп калган.

Зорго тарап , өрүп бердим.

Алкышын айтып ыйлап,ыйлап алды байкуш шордуу кайын эне.

Мени таң калтырганы,өзүнүн тууган уулу апасынын артынан издеп келбегени болду.

Эмне деген адам?

Кандай гана мерездик,мээримсиздик?

Кандай жүрөк бул адамдын жүрөгү селт этпеген?…

Арадан жыйырма күн өткөндөн соң,чоң кызы келип,ыйлап сыктап,апасын өзүнүн үйүнө алып кетти.

Арадан эки жыл өткөндөн кийин, Багила апабыздын дүйнө салганын уктук.

Тажиясын,баардык аза ашын баарын,кызы менен күйөө баласы жасаптыр.

Жарыктык,апабыз бир жолу да ошол келиниң жамандаган эмес.

Бир да жанга арызданып айтпаган.

Ичинде өзү менен кетти.

Арманы да,ачуусу да,ызасы да.

Баарын өзү менен бирге алып кетти…..

Бейиште нуру жанып жаркырап жүрсүн!!

Эльмира Сарсенбай кызы




Кыргызчалаган ;




Маметова Зуурабу Алимбековна Санта.
www.kafiye.net