Сені көргім келеді



Сені көргім келеді қай маңнан да,

Қыраттардан, белдерден, жайлаудан да.

Қайтер едің мен құсап күй кешер ме ең,

Сағынышқа бір күні айналғанда?




Мендегі өмір өзіңнен бастау алған,

Артық көрем өзімнен, басқалардан.

Ашық аспан бір сәттік аясында,

Сені көру мен үшін асқақ арман.




Сенің ғана ғұмырың бар бойымда,

Сенің атың тұрады таңдайымда.

Сенің бейнең тұнады жүрегімде,

Тағдырымыз жазылса маңдайыма.




Милена Алиханова
www.kafiye.net