Сезім сыры



Жыр жаздым іш құса боп өзің жайлы,

Сезбеппін шегерімді мұнша қайғы.

Қол ұстасып біз мәңгі жүреміз деп,

Айтқанбыз серуендеп өмір жайлы.




Әттең,бірақ сол сәтті табалмадық,

Бақытты болу үшін жаралмадық.

Алаулаған селт еткен махаббатты,

Аялап біздер неге бағалмадық.




Кештерде мен өзіңмен сырлас едім,

Жолымыз бір-біріне қиғаш…сездім.

Сүйемін деп сезімімді селт еткізбей,

Кешірші…Сағынышпен мұңдас едім.




Кете берші “тоқта “деп жалынбадым,

Бар тілерім аман бол сенде жаным.

Ойнағаның сезіммен жанға батты,

Қайтейін ғашық жүрек шашса жалын…




Милена Алиханова

www.kafiye.net