Қонкурсқа.


Осы шығармамды жаныма жақын асыл анашыма арнап жаздым.




Жаным менің асылым алтын анам,

Сен ауырсаң, амалсыз жан шыдаған!

Теңдесі жоқ сіз менің пейішімсіз,

Тең келмес пенделері жалпы ғалам!




Жымиып бұл өмірде қүлші ана,

Жан қызыңды тастамай тұршы ана.

Мейріміңе жылытып құшаққа алып,

Күн сияқты жарқырап тұршы ана!




Аналар ешқашанда аурымасын,

Ақ самайлы болсыншы бағың басым!

Сырласым, мұңдасым да өзің болдың, Анашым,

Бағыңыз жұлдыздайын жалындасын!



Ех Жаратқан шипа берші анама,

Ана деген асқақ ат қой санама!

Сен ауырсаң жүреқ қайғы мұң тартып,

Жарық күнде, түнек болар жан ана!



Жымиып жаным ана күліңізші,

Ауырмастан сіз жанымда жүріңізші.

Сізге шипа беріп Жаратқаным,

Қыз-ұлыңдың құрмет сыйын көріңізші.



Уа Тәңірім, көмек бер қиналғанда,

Емің түсіп жүрсінші иман жанға!

Сыздап тұрған жүрегім шаншығандай,

Анамды кеп ауыру күйге алғанда!



Жанымда сіз жүрсеңіз тұна күліп,

Отырар едім менде дұға қылып!

Сәждеге тиіп басым иілсе егер,

Сізді аман сақтар мәңгі Құран ұлық!



Милена Алиханова

www.kafiye.net