Сен қайдасың



Жаныма жырыңменен қорғандайсың,
Запыран ішке келіп толғандайсың.
Сезімнің шырмауына байлап қойған,
Арманым, ақын аға сен қандайсың?



Кеудемді мұңмен жарып шығушыдай,
Көкіректі кернеді ашып удай.
Топан судай арындап келсе сезім,
Сарқырадым өзеннің ағысындай.



Түсімде мейір төгіп келгендейсің,
Махаббатың зәмзәм суын бергендейсің.
Қол ұстасып қос аққудай қалықтадық,
Өңімде дәл осылай жүргендейсің…



Милена Алиханова

www.kafiye.net