Бақыт гүлін табайықшы


Өмірде бақыт гүлін табайықшы,
Жол іздеп жыраққа біз барайықшы.
Қолтықтасқан қолдарымыз ажырамай,
Бақыт шамын мәңгіге жағайықшы.



Жұлдыздай биіктерде жанайықшы,
Іздеген армандарды табайықшы.
Мойымай тағдыр салған сынағына,
Мәңгілік бір болуды қалайықшы.



Тамырланған сезімдер -олар сыншы,
Махаббат адалдықтан жаралсыншы.
Жүз адам жырласа да жырларымды,
 Сүйгендерге шуақ боп таралсыншы.




Милена Алиханова /
Milena Alihanova
www.kafiye.net