ӨЛЕҢ-СЫР




Ойымды нәрлі сөзбен ұйқастырып,

Өлеңге қиялымды жинастырып,

Келемін жүрегімде жатқан сырдан,

Жұртым менен рухымды сырластырып.




Менің де күнім дәйім тұрмас күліп,

Тұрмыстың мұқтажымен мұңдас тірлік.

Айымның бетін кейде бұлт бүркейді,

Күнімді күйкілікке ұштастырып.




Шабыттан табам кейде азығымды,

Желпиді ән қанаты наз үнімді.

Ойқастап қазақ қанды қазанатым,

Кетеді кейде жұлып қазығымды.




Барамын бозтарландап,қаракөк ем,

Шартартып шалқалайды бала кеудем.

Құрғамай құсжолынан құйысқаным,

Самғайымын “Ай” таңбалы дарабозбен.




Жершары кеңістікте айналады,

Бір де ашық, бір де күңгірт ай жамалы.

Өлеңнің құдіреті-ау, қалықтатқан,

Күнге де, қондырады айға дағы. . .




Өлең-сыр, өмір-тұсау, қиял азат,

Әнімді азат ойдан жиям ғажап.

Тұсауын ез өмірдің үзед (і) өлең,

Шыңына көркемдіктің қияндасақ!




Мақсұтқан Баркөл Дәлейұлы

15. 05. 2021. Алматы.
www.kafiye.net