Şair ve Yazarların Buluşma Sayfası

Милена Алиханова /Milena Alihanova

Шуақ боп шашылар ем

Email :4

Шуақ боп шашылар ем



Көзіме көзің түссе ылаң салып,

Селт етті сезім шіркін тағы налып.

Астан-кестен тулаған жүрегімді,

Ұстасам бекен әлде кісен тағып.




Ж
үзіңізді көргенше жүз өзгеріп,

Сарғайған жапырақты көзім көріп.

Бақытыңа мойын бұрып қарамадың,

Төзбеді сұлу жүзім жасты төгіп.




Кездескен сен жа
ңбырлы көктемім ең,

Нөсерлеткен дауылсыз өткенім ең.

Медет тұтар,сен менің тірегімсің,

Күтем сені өмірдің өткелінен.




Ба
ғың болсам мәңгілік өзіңізге,

Иланып сенер едім сөзіңізге.

Ғашық оты жалындап лауласа егер,

Шуақ боп шашылар ем төріңізге.




Милена Алиханова

www.kafiye.net

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Related Posts