Түс




Мен к
ұс едім, бақта қонып сайраған,

Сезіміммен бақты сұлу жайлаған.

Ұшырдың сен осы тыныш бағымнан,

Оралмастай ұшып шықтым қайтадан.




Қимасымдай болған еді ол тарап,

Ұшып шықтым, сезім жалғар жол қарап.

Таудай үміт тәуекелге бас тігіп,

Сапарладым, арысымды сол санап.




Армандадым ж
ұмағымдай үй құрып,

Киялымнан түйсігіме күй тұнып.

Ал, сен болсаң, сезбедің де сезімнің,

Саған ғана арналғанын сүйсініп.




Та
ғы міне, талқандалды құнарым,

Жұмақ үйім жоқ болдың сен, құладың.

Тағдыр маған қиялымды түс қылып,

Түсінбеймін, сонша неге сынадың?




Милена Алиханова
www.kafiye.net