КЕЗІКТІҢ ТАҒДЫРЫМА



Құсалық жанды жеді,

Қосылып сағынышқа.

Құшақтап алғым қелді.

Беқ қысып қағылыста.




Биікке
ұшарымда,

Қос қанат өзің болдың.

Қиял мен құса-мұңда,

Жазатын сөзім болдың!




Қөркі сен жырларымның.

Жүректен сыйларым да.

Кілті сен сырларымның,

Көңілге жиғанымда.




Əн салсам, тыңдадың ба,

Сезімнен толды парақ?

Ойлаудан тынбадым да,

Қүттірген жолды қарап.




Қалдырмай сынға мына,

Жетелеп кетші мені.

Қелсеңші гүл бағыма.

Ғажайып кешкі лебі.




Махаббат барда мына,

Бас идім тағдырыма.

Қөнем ғой жазғанына,

Қарсылап таңды бұла.




Қезіктің тағдырыма,

Өмірде ғашық қылып.

Көнемін барлығына,

Тәңірім нәсіп қылып.




Т
үпкілік болу үшін,

Мен сені көрсем деймін.

Тағдырға көну үшін,

Өзіңе ерсем деймін.




Милена Алиханова
www.kafiye.net