АЯЛАШЫ ӨМІР БАҒЫН

Тапсаң әйел “жүрек – кілтін” , ғажап неткен,
Құт-береке жүрген жері , жақұт мекен.
Шаңырақты шайқалтпастан шаттандырған,
Әулетіңнің падишасы сұлу-көркем!


Қайырмасы:




Ғашық жандар бірін-бірі сүйіп өпкен.

Әйел барда- жігерлісің болып өктем.
Жүрегіңе тіл бітірген жауқазын ба?,
Ал, әйелсіз болмайды-ау өмір көктем…



Сабыр сақтап, жан жарына мейір төккен,

Махаббатты мәңгілікке тұғыр еткен.
Азаматын айбарына балады ма?,
Өзге жұртқа келін болып, нұрын төккен.




Әйел-ана, әйел- сырлас,ол-ғашығың,

Бұл жалғанда өсіп- өнші болмасын мұң.
Қол ұстасып бақытыңның базарында,
Аялашы өмір бағын ол асылың!




ИГЕНОВА АРДАҚ ҚАЙЫРҚЫЗЫ

www.kafiye.net