Kategoriler

Arşivler

Милена Алиханова /Milena Alihanova Kategoriler

Бұйырмаған оромал Бірғе жұріп қол ұстасып мәңгілік. Бола алмадым жүрегіңнің киесі. Маған деғен орамалың салынып. Болма алмадым әк шымылдық иесі. Жұрегімде сақталады есімің. Қиялымда өзің жасап келесің. Басқа жан ашты отау есігін. Қосарланып жүрғой сенің елесің. Іске аспай ой қыялым мақсатым. Жасырамын мен ішімнен жылаймын. Есте қалсын сол баяғы жақсы атың. Аман болшы қайда болсаң […]

Зулап өткен өмірім Өмір деген бәйгедегі тұлпардай, Зулап ұшқан бейне көкте сұңқардай Зымырайды жастық шағым ілезде, Уақыт шіркін әндеткен бір жезтаңдай. Өмір деген ағын су ғой дариядай, Өткен күнге көзді салам қариядай. Қандай ғажап біз өткерген жастық шақ, Жүрмін міне ойнай алмай,күле алмай. Мұхит екен байқасам бір шалқыған, Түпсіз терең біз үстінде қалқыған. Бірі кетсе […]

Сені көргім келеді Сені көргім келеді қай маңнан да, Қыраттардан, белдерден, жайлаудан да. Қайтер едің мен құсап күй кешер ме ең, Сағынышқа бір күні айналғанда? Мендегі өмір өзіңнен бастау алған, Артық көрем өзімнен, басқалардан. Ашық аспан бір сәттік аясында, Сені көру мен үшін асқақ арман. Сенің ғана ғұмырың бар бойымда, Сенің атың тұрады таңдайымда. Сенің […]

Өмірге келгеннен соң, Өмірге келгеннен соң, Мəңгілік бұл жалғанда тұрмайсың да.. Əр күнге шүкір айтып , Тілекті Жаратқаннан сұрайсың да… Бұйырған несібені талғау етіп, Пенде боп өміріңді құрайсың да.. Көңілің кейде босап елжіресе, Жас тамып жанарыңан жылайсың да… Биікке өрлеу үшін талпынасың, Сүрінсең абайсызда құлайсың да. Өмірде кездесетін сынақтарға, Сабыр етіп расыменен шыдайсың ба? Ақыл […]

Tarih 1 Kas 2021 Kategori: Милена Алиханова /Milena Alihanova

Сезім сыры

Сезім сыры Жыр жаздым іш құса боп өзің жайлы, Сезбеппін шегерімді мұнша қайғы. Қол ұстасып біз мәңгі жүреміз деп, Айтқанбыз серуендеп өмір жайлы. Әттең,бірақ сол сәтті табалмадық, Бақытты болу үшін жаралмадық. Алаулаған селт еткен махаббатты, Аялап біздер неге бағалмадық. Кештерде мен өзіңмен сырлас едім, Жолымыз бір-біріне қиғаш…сездім. Сүйемін деп сезімімді селт еткізбей, Кешірші…Сағынышпен мұңдас едім. […]

Tarih 1 Kas 2021 Kategori: Милена Алиханова /Milena Alihanova

Қонкурсқа.

Қонкурсқа. Осы шығармамды жаныма жақын асыл анашыма арнап жаздым. Жаным менің асылым алтын анам, Сен ауырсаң, амалсыз жан шыдаған! Теңдесі жоқ сіз менің пейішімсіз, Тең келмес пенделері жалпы ғалам! Жымиып бұл өмірде қүлші ана, Жан қызыңды тастамай тұршы ана. Мейріміңе жылытып құшаққа алып, Күн сияқты жарқырап тұршы ана! Аналар ешқашанда аурымасын, Ақ самайлы болсыншы бағың […]

Tarih 25 Eki 2021 Kategori: Милена Алиханова /Milena Alihanova

Сен қайдасың

Сен қайдасың Жаныма жырыңменен қорғандайсың, Запыран ішке келіп толғандайсың. Сезімнің шырмауына байлап қойған, Арманым, ақын аға сен қандайсың? Кеудемді мұңмен жарып шығушыдай, Көкіректі кернеді ашып удай. Топан судай арындап келсе сезім, Сарқырадым өзеннің ағысындай. Түсімде мейір төгіп келгендейсің, Махаббатың зәмзәм суын бергендейсің. Қол ұстасып қос аққудай қалықтадық, Өңімде дәл осылай жүргендейсің… Милена Алиханова www.kafiye.net

ШАҢЫРАҚТЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ Кең болуын ойлайтын керегенің, Шаңырақтың ұйытқысы- ене, келін. Жас келінге жөн сілтеп жол көрсетер, Ақылды ене үлгісі өнегенің. Әйел-ана отбасы панасындай, Жақсы келін, ененің бәрі осындай. Талшыбықтай иілген жас келіннің, Біле білсе, енесі анасындай. Қазақ жақсы келінді құт көреді, Тәрбиесі енеге жүктеледі. Сәлем салған иіліп жас келінге, “Көп жаса!” деп айтуды құп көреді. […]

НУРДАНА ХАНЫМГА Ырлар агып сизге деген жүрөктөн. Ырдап бирге ырлар жазып күн өткөн. Куттуу болсун туулган күн курагыңыз. Жаздай жаркып маанай толкуп күн өткөр. Сизде болбой капалыктын күндөрү. Болсун дайым ийгиликтин түмөнү. Түгөл болсун туугандарың кашыңда. Түгөнбөсүн ырыскыңдын түгөлү. Түгөй болсун сизди сыйлап барктаган. Түбөлүккө кадырлаган жандаган. Каалайм сизге жакшылыктын баардыгын. Оомат ашсын бакыт кушу […]

Бақыт гүлін табайықшы Өмірде бақыт гүлін табайықшы, Жол іздеп жыраққа біз барайықшы. Қолтықтасқан қолдарымыз ажырамай, Бақыт шамын мәңгіге жағайықшы. Жұлдыздай биіктерде жанайықшы, Іздеген армандарды табайықшы. Мойымай тағдыр салған сынағына, Мәңгілік бір болуды қалайықшы. Тамырланған сезімдер -олар сыншы, Махаббат адалдықтан жаралсыншы. Жүз адам жырласа да жырларымды,  Сүйгендерге шуақ боп таралсыншы. Милена Алиханова / Milena Alihanova www.kafiye.net